Елімізде қара алтынның қанша қоры бар?

0
808

Вице-министр қазіргі таңдағы еліміздің негізгі байлығы жерасты қазбалары екенін айтты.


Елімізде қара алтынның қанша қоры бар?

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар алаңында айтты, деп жазады baq.kz.

Ол еліміздегі геология саласының биылғы жай-күйін мәлімдеді.

Геологтардың еңбегінің арқасында экономиканың тұрақты дамуын және мемлекеттің материалдық әл-ауқатын қамтамасыз ететін кен орындар ашылды. Айта кету керек, көптеген қала геологтардың еңбектерінің арқасында өсті. Қарағанды, Жезғазған, Сәтбаев, Рудный және Хромтау қалаларын атап өтсек болады, - деді ол.

Вице-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласын оңтайландыруға байланысты ұлттық жобаға алдағы 5 жылдық кезеңге арналған барлаудың бағдарламасын әзірлеуді тапсырғандығын мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңдағы еліміздің негізгі байлығы жерасты қазбалары.

Минералды-шикізат базасының ағымдағы жағдайынан бастайын. Еліміздің пайдалы қазбаларының мемлекеттік балансында жалпы 8 мыңнан аса кен орны тіркелген, оның ішінде көмірсутек – 317 (мұнай, газ, конденсат), қатты пайдалы қазбалар – 910, кең таралған пайдалы қазбалар – 3,0 мыңнан астам және 4,0 мыңға жуық жерасты суларының кен орны, -деді Серікқали Брекешев.

Онымен қоса батыс өңірлердегі қара алтынның қазіргі қоры туралы есеп берді.

Қазақстан Республикасындағы мұнайдың баланстық қорлары (А+В+С1+С2 категориялары бойынша) 4,4 млрд тоннаны, газ – 3,8 трлн м3 (еркін+ерітілген), конденсат – 414 млн тоннаны құрайды. Олардың басым бөлігі Атырау (75%) және Маңғыстау (11%) облыстарында шоғырланған. Бұл ретте көмірсутек шикізатының 68% қоры 3 ірі кен орнының, атап айтқанда, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтың үлесіне келеді, - деді ол.