Елімізде қауіпті індет жұқтырғандар саны 900-ден асты

0
1 055

Індет жұқтырғандардың көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.


Елімізде қауіпті індет жұқтырғандар саны 900-ден асты

Қазақстандағы коронавирус бойынша 12 сәуір 18.20-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында - 11 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Алматы облысында - 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 249 адам, Алматы қаласында – 145 адам, Қарағанды облысында - 65 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 12 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 117 адам, Батыс Қазақстан облысында - 8 адам, Түркістан облысында - 36 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 911 науқас тіркелді.