Елімізде көкөніс арзандауы тиіс – министр

0
506

Нәтижесінде құны 3 млн долларға форвардтық 6 келісімшарт жасалды.


Елімізде көкөніс арзандауы тиіс – министр

ERNUR.KZ. Елде көкөніс арзандауға тиіс. Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов Орталық Азия елдеріне барып, осы бағытта бірқатар келіссөз жүргізген, деп жазады 24.kz.

Нәтижесінде құны 3 млн долларға форвардтық 6 келісімшарт жасалды. Яғни, алдын ала алғашқы партияларды сатып алып көрмек.

«Тиімділігі болса, үлкен келісімдер жасалуы мүмкін», - дейді министр.

Бастысы, арада ешбір алыпсатарлар болмайды. Сондықтан баға мен тауар тапшылығы мәселесі шешілуі керек.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Бізде картоптың бағасы өскенде мына жақта ерте піскен картоп бізге жете алмайды. Ол технологиясымен де жете алмай жатыр.

Өйткені біздің солтүстікке жеткенше ол деген шіріп кетеді. Бірақ ондай технологиялар бар. Мәселе бағаны түсіруде емес, бағаны дұрыс қалыптастыруда. Ол деген нарық қой. Сондықтан арасында делдалдар болмауы үшін 3-4 есе бағаны көтеріп отырған. Осылар болмаса, баға деген өспей бір деңгейде, басқа елдерге қарағанда максимум 10-20%-ке өседі.