Қазақстан бойынша жұқтырғандардың жалпы саны 3785-ке жетті.
Қазақстанда тағы 114 адамнан коронавирус инфекциясы табылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жедел штаб мәліметінше, коронавирус індетін жұқтырған тағы 114 жағдай тіркелді. Алматы қаласы 64, Түркістан облысы 1, Шымкент қаласы 2, Қарағанды облысы 1, Нұр-Сұлтан қаласы 10, Жамбыл облысы 3, Маңғыстау облысы 5, Қызылорда облысы 1, Алматы облысы 2, Ақтөбе облысы 25 науқастан вирус анықталды.
Осылайша, Қазақстан бойынша жұқтырғандардың жалпы саны 3785-ке жетті.


