Елімізде күн салқындайды

0
2 510

Елдің батыс аймақтарында ғана аптап ыстық сақталады.


Елімізде күн салқындайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда ұзаққа созылған аптап ыстықтан кейін күн салқындайды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазгидромет мәліметінше, елдің оңтүстігінде, шығысында оңтүстік циклонның әсері сақталады. Екі ауа массасының соқтығысуынан фронтальды бөлімдердің шиеленісуі орын алады.
Батыс өңірлерді қоспағанда, ел аумағында жаңбыр жауады, кейде найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, екпінді жел (15-25 м/с дейін) соғады.

Елдің батыс аймақтарында ғана ыстық күн райы сақталады.