Елімізде құрастырылатын көліктердің темірі неге Қытайдан алынады – министр жауап берді

0
393

Журналист министрге "Неге Қазақстанда құрастырылатын көліктер Қытайдан немесе басқа елден келген темірлерден жиналады? Отандық темірді қашан пайдаланамыз?" деп сұрақ қойды.


Елімізде құрастырылатын көліктердің темірі неге Қытайдан алынады – министр жауап берді

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық автокөліктердің бөлшектеріне қатысты сауалға жауап берді, деп жазады baq.kz.

Журналист министрге "Неге Қазақстанда құрастырылатын көліктер Қытайдан немесе басқа елден келген темірлерден жиналады? Отандық темірді қашан пайдаланамыз?" деп сұрақ қойды.

Өздеріңізге мәлім, бүгінгі таңда отандық өндірушілерлің локализациясын ұлғайтуға көңіл бөліп отырмыз. Бірақ автокөлік өндірушілерді металмен қамтамасыз ету бүгін ғана пайда болған мәселе емес. Ол үшін біз арнайы темірдің маркасын өндіруіміз қажет және металлопрокатымыздың болуы шарт. Кейін ғана штампылау жасалады. Тек осындай жұмыстардан кейін ғана отандық көліктерді өз темірлерімізбен құрастырамыз. Мұндай жоспарымыз бар. Елімізде жеңіл көліктердің өндірісі дамып келеді. Бұл технологиялық мәселе. Ең алдымен, бізге арнайы темірдің маркасын шығару керек. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.