Елімізде күріш бағасы қымбаттай ма?

0
857

Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет кулуарында жауап берді.


Елімізде күріш бағасы қымбаттай ма?

ERNUR.KZ. Оның сөзінше, бұл республикадағы жалпы инфляция көрсеткішіне тығыз байланысты, деп жазады inbusiness.kz.

"Егіс алқаптары қысқарып жатқан жоқ. Күрішті жалпы жинау көлемі азаяды деген болжам да жоқ. Өздеріңізге белгілі, біз өз-өзімізді күрішпен толық қамтамасыз етіп отырмыз, сондай-ақ өнімнің белгілі бір бөлігін экспортқа шығарамыз. Сол себептен бағаның күрт өсуі, тұтынушыларымызға күріштің жетпей қалу қаупі туындамайды", - деді ол.

Тілшілер Қазақстан бойынша ақ маржан бағасы қанша пайызға өсуі мүмкін екенін нақтылап сұрады.

"Бағаның 2-3 есеге артуы болмайды. Жалпы инфляция аясында күріш бағасы аздап өсуі мүмкін", - деді министр.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның үш облысында су мәселесі шиеленісе түскенін жазған болатынбыз.