Елімізде қылмыс деңгейі 17%-ға төмендеді

0
459

Бас прокуратура жарты жылдықтағы жұмысты қорытындылады.


Елімізде қылмыс деңгейі 17%-ға төмендеді

ERNUR.KZ. Қазақстанда қылмыс деңгейі 17%-ға төмендеді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Өткен кезеңде ел бойынша қылмыс деңгейі 17%-ға, яғни 74650-ден 61442-ге дейін төмендеді. Прокуратураның үйлестіруімен аймақтардағы қылмыстық жағдайға нақты әсер еткен 10 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бірлескен шаралар нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіретін 30 зертхана жойылды", - деді ол Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында.

Бас прокурордың сөзінше, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың, алаяқтық пен есірткі саудасының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

"Қылмыстық процестің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында прокурорлар 512 адамды негізсіз күдіктен қорғады. Үш буынды модель шеңберінде прокурорлар тергеу органдарының 150 мыңнан астам процестік шешімдерін зерделеп, оның ішінде 4,5 мың қаулыны келісуден бас тартылды. Соттарда 11 мың қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптау қамтамасыз етілді", - деді Берік Асылов.