25 қазанда елімізде Республика күні аталып өтеді.
ERNUR.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндері қалай жұмыс істейтінін хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
25 қазанда елімізде Республика күні аталып өтеді. Аталмыш мерекеге орай Қазақстан халқы үш күн қатарынан демалады.
«Еліміз бойынша ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 23, 24 және 25 қазанда жұмыс істемейді. Дегенмен дүйсенбі күні, яғни 24 қазанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда кезекші орталықтар жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады корпорация өкілдері.
Сенбі, яғни 22 қазанда толық жұмыс күні болады. Бұл күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар клиенттерді сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
26 қазаннан бастап келушілер мемлекеттік қызметтерді әдеттегі кесте бойынша ала алады.