Қазақстанда борышкерлер жайында тұтас ақпараттық жүйе құрылады.
ERNUR.KZ. Банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтарға несие беру талаптары қатаңдатылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов «Хабар» телеарнасындағы «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады 24KZ.
Тимур Сүлейменовтің сөзінше, елімізде борышкерлер жайында тұтас ақпараттық жүйе құрылатын болады.
Бұған дейін заңға енгізілген бірқатар түзетуді Мәжіліс депутаттары мақұлдаған еді. Енді 90 күн бойы қарызын өтемей жүрген азаматтарға несие берілмейді. Ал өтелмеген несие бойынша өсімпұл салуға тыйым салынады.
«Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы оның барлық несиелері туралы ақпарат жиналады. Яғни, ипотекасы, автокөлік алған несиесі, тұтынушылық несие мен ақшалай қарыздары туралы барлық мәлімет өңделеді. Осы ретте тұтас ақпараттық жүйе құрылады. Осы арқылы біз азаматтарымыздың сансыз несие алып, қарызға белшесінен батуына жол бермейміз», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы.