Виртуалды аутопсия (виртопсия) - бұл дененің егжей-тегжейлі проекциясын алу үшін КТ сканері арқылы адамның инвазивті емес аутопсиялары орындалатын жаңа медициналық технология.
ERNUR.KZ. Сот сараптамасы саласындағы технологияның дамуы жағдайында виртуалды аутопсияны қолдану мүмкіндігі пайда болады. ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ алаңында осылай деді.
Виртуалды аутопсия (виртопсия) - бұл дененің егжей-тегжейлі проекциясын алу үшін КТ сканері арқылы адамның инвазивті емес аутопсиялары орындалатын жаңа медициналық технология. Құқық қорғау органдарының мәйітті сот-медициналық сараптау кезінде сарапшылардың алдына қоятын негізгі міндеті өлімнің себебін анықтау. Зерттеу енгізілетін болса кей жағдайларда мәйіттерді кесудің қажеттілігі болмайды. Ашық дереккөздерге сәйкес виртуалды аутопсия әдісі белгілі бір дәрежеде Швейцарияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Үндістанда, Жапонияда, Швецияда, Норвегияда, Түркияда, Сауд Арабиясында, Ресейде қолданылады.
«Виртуалды аутопсия әдісін енгізудің мақсаты заманауи технологияларды енгізу арқылы сот-медициналық зерттеулер процесін оңтайландыру. Мәйітті зерттеудің дәстүрлі инвазивті әдісі дененің 3 қуысын: кеуде, іш және бас сүйегін ашуды қамтиды. Бұл жағдайда өлімнің себебін анықтау үшін ми, жүрек, өкпе, бауыр,асқазан және басқа мүшелер зерттеледі. Қазіргі уақытта жоспар бойынша әдістің тиімділігін алдын ала талдау, оның ішінде виртуалды аутопсия әдісін пайдалана отырып, зерттелетін өлім-жітімнің санаты мен шектеулерін анықтау үшін елдің бір өңірінде пилоттық жобаны енгізу мүмкіндігі қарастырылуда»,-деді спикер.
Сонымен қатар Әділет министрлігінің ресми өкілі соңғы уақытта жиілеп кеткен алаяқтардың әрекеттері жайында сөз қозғады. Олар өздерін сот орындаушылары ретінде таныстырып, азаматтардан берешекті өтеуді талап етеді, немесе шоттардың, мүліктің және т. б. бұғатталғаны туралы хабарлайды.
«Егер Сізге осындай қоңырау түссе немесе смс -хабарлама келсе, ақпаратты Әділет министрлігінің, республикалық және өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының ресми сайттарында өз бетіңізше тексеріп, қажет болған жағдайда банкке қоңырау шалуға кеңес береміз. Атқарушылық іс жүргізудің бар екендігі туралы мәліметтерді тексеру үшін АИС ОИП қосымшасын да пайдалануға болады. Ол үшін «Борышкерлер мен тыйымдар тізілімі» батырмасын таңдап, тек ЖСН енгізу керек. Егерсіз борышкер болсаңыз, онда сіздің қарызыңыз туралы ақпарат, сот орындаушысының аты-жөні және оның телефоны шығады. Егер атыңыз қызғылт сарыға боялса, түспен «сұраныс бойынша ештеңе табылмады» деген жазу шығады. Бұл сіздің шоттарыңыз бен мүліктеріңізге ешкім тыйым сала алмайтынын білдіреді»,-деп түйіндеді спикер.