АИ-92 мен дизель бағасына енгізілген мораторий қашан аяқталады

0
96

Жанар-жағармай стансаларында АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы 16 қазандағы деңгейде сақталады.


АИ-92 мен дизель бағасына енгізілген мораторий қашан аяқталады

фото: Sputnik / Константин Михальчевский

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – ұлтық экономика министрі Серік Жұманғарин АИ-92 мен дизель бағасына енгізілген мораторий қашан аяқталатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін үкімет АИ-92 бензині мен дизель отынының бөлшек сауда бағасына уақытша мораторий енгізген болатын. Бірақ нақты мерзімі бекітілген жоқ, "инфляцияны тұрақты болғанға дейін" деп айтылған. Ұлтық экономика министрі Серік Жұманғарин мораторийдің орташа уақытын айтты.
"Минимум келесі жылдың көктеміне дейін болатын шығар. Бізге көрші елдердегі жағдайдың тұрақты болғаны қажет. Оны да күту керек. Бағам айырмашылығы бар. Сосын кейбір көрші елдерде дефицит өсіп жатыр. Ал тапшылық бағаны көтеріп тұрады. Олар біз сияқты бағаны реттеп жатқан жоқ қой", - деді Жұманғарин мәжілістегі брифингте.
Айта кетері, республика бойынша бірыңғай шекті баға белгіленбейді. Жанар-жағармай стансаларында АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы 16 қазандағы деңгейде сақталады.
Атап айтқанда, бензин бағасы литріне 213–239 теңге, дизель отыны – 317–337 теңге аралығында болуы шарт. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарапынан күнделікті мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда монополияға қарсы шаралар қабылданады.