Елімізде тағы бір облыстың бас дәрігері қызметінен кетті

0
657

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы денсаулығына байланысты өз еркімен орнын босатқан.


Елімізде тағы бір облыстың бас дәрігері қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев қызметінен кетті, деп жазады sputniknews.kz.

"Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетті", - деді әкімдіктен.

Басқарма басшысының міндетін оның орынбасары Ләззат Есенғалиева атқарады.

Соңғы дерек бойынша Маңғыстау облысында барлығы 12 адам коронавирус жұқтырған.

Еске сала кетсек, 18 сәуірде Атырау облысының бас дәрігері де орнын босатты. Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Байтолла Ғазизов қызметінен өз еркімен кеткені хабарланған еді.