70 мыңға жуық пәтер жалдау нарығына шығады.
ERNUR.KZ. Тұрғын үйді жалға алу субсидиялау бағдарламасын енгізу есебінен арзандай бастайды. Мұндай пікірді Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта жалға беру құны нормадан жоғары. Алайда ол мамыр айында бағаның 20%-ға дейін төмендеуі мүмкін деп болжады.
Мысалы, қазір айына 130 мың теңге тұратын пәтер мамыр айында 110 мың теңгеге ұсынылады. Себебі бағдарламада орнатылған шектеулер болады.
«Бұл – қоғамның әлеуметтік осал топтарын қолдау мен субсидиялаудың барынша пысықталған тұрғын үй бағдарламаларының бірі. 70 мыңға жуық пәтер жалдау нарығына шығып, ірі қалалармен қатар шағын қалаларда да белсенділік артады. Бағдарлама iске қосылған кезден бастап, яғни мамыр айынан бағалар төмендейді. Мұны бағдарламаға қатысқысы келетін тұрғын үй иелері жасайды. Соның нәтижесінде басқа жалға берушілер де бағаны төмендете бастайды», - деп түсіндірді Мүсірепов.
Ол бағдарламада белгіленген шекті бағалар нарықтық индекстерге сәйкес келетінін қосты. Бұл ретте жалдау құнының төмендеуі III-IV санаттағы (экономкласс) тұрғын үйге қатысты болады. I және II санаттағы (элит және бизнес) пәтерлердің бағасы бұрынғы деңгейде қалмақ.
Қаңтарда бағаның 5,2%-ға күрт өсуі туралы айта келе, Мүсірепов бұл бағдарламаның пайда болуы туралы ақпарат ел арасында бірден үлкен талқылау тудырғанын тiлге тиек етті. Бірақ ол кезде нақты шарттар әлі белгіленбеген еді.
Мүсірепов келешекте тұрғын үйді жалға берудің «сұр» нарығының төмендеуін болжады. Оның пікірінше, қазір ол шамамен 70% құрайды.