Сарапшылар жол белгілері оңқайлардың ыңғайына қарай орнатылғанын айтуда.
ERNUR.KZ. 2019 жылы сол қолмен көбірек жұмыс істейтін жүргізушілердің оң қолға басымдылық беретін көлік жүргізушелеріне қарағанда жол апатына ұшырауы 25%-ға артық болған. Бұған «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы ұсынған сараптама дәлел, деп жазады Atameken Business.
«Сауалнама нәтижесінде сұралғандардың 14%-ы солақай екендерін айтқан. Бұл әрбір жетінші көлік жүргізушісі. Сонымен қатар, солақайлардың 26%-ына жылдамдықты асырғандары үшін айыппұл салынды. Ал оңқайлар бойынша бұл көрсеткіш 18%-ды құрады. Сондай-ақ солақайлардың 29%-ында көлікті тұраққа қою барысында қиындықтар туған. Оң қолға басымдылық беретіндер бойынша бұл көрсеткіш 21%», – дейді зерттеуші топ.
Бұдан бөлек оңақайлар жол көлік оқиғасына түсуі 25%-ға аз екені дәлелденген. Сарапшылардың пікірінше, бұл жол белгілерінің оң қолмен көбірек жұмыс істейтіндердің ыңғайына қарай орнатылғанына байланысты болуы мүмкін.
Зерттеуге 2 мыңнан аса 18 бен 67 жас аралығындағы Алматы мен Нұр-Сұлтанның көлік жүргізушілері қатысқан.
Бұдан бөлек жуырда Чикаго унивеститетінің мамандары да солақайларға қатысты зерттеу жүргізді. Аталған ғылым ордасының мамандары оңқайлар оң жақтағы заттарға жиі зер салатынын, ал солақайлар сол жақтағы белгілерге бірінші кезекте назар аударатынын дәлелдеді.