Елімізде жыл басынан бері 8 мың өрт тіркелді

0
125

Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам өрт шығып, үш жүзден астам адам қаза табады.


Елімізде жыл басынан бері 8 мың өрт тіркелді

ERNUR.KZ. Өрттер көп жағдайда тұрғын үй секторында орын алады. Бірінші қазаннан бастап жылыту кезеңі басталды, алайда тұрғын үй секторында 100-ден астам өрт тіркеліп, 17 адам қаза тапты, оның ішінде - 6 бала болды, ал 13 адам жарақат алды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза болса, 213 адам жарақат алды.

«Өрттің өсуі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы мен Маңғыстау облыстарында байқалады. Қаза тапқандардың көпшілігі – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында. Бұл ретте, 64 адам мас күйінде болған», – деді спикер.

Азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды түсіндіру әдістерінің бірі профилактика болып табылады. Ерекше назар жылыту кезеңінің қауіпсіздігіне аударылады. Алдын алу шаралары оның басталуынан әлдеқайда бұрын басталды. Жеке тұрғын үй қорының өртке қарсы жағдайын бақылау қолданыстағы мемлекеттік заңнамамен қарастырылмаған.

«Біз тек түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, оның барысында үйлерді аралаймыз және тұрғындардың келісімімен үй-жайлар тексеріледі, ұсыныстар беріледі және нұсқаулықтар өткізіледі. Өрт қауіпсіздігін бұзушылықтар анықталған кезде - әкімшілік шаралар қолданылмайды», – деді ведомство өкілі.