Елімізде "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясы жарияланды

0
1 151

Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу.


Елімізде

Ішкі істер министрлігі 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ жұртшылықты тарта отырып, республика аумағында "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясын өткізеді, деп жазады inbusiness.kz

Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы БҰҰ Конвенциясының ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні атап өтіледі.