Еліміздің 10 өңірінде автоматтар, тапаншалар мен гранаталар тәркіленді

0
102

Нәтижесінде құқық қорғау органдары 31 қару тәркіледі.


Еліміздің 10 өңірінде автоматтар, тапаншалар мен гранаталар тәркіленді

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Осы жылдың шілде айында Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның сегіз өңірінде заңсыз қару айналымының жолын кесу мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Нәтижесінде құқық қорғау органдары 31 қару тәркіледі. Оның ішінде төрт автомат, 20 аңшы мылтығы және жеті тапанша бар. Сондай-ақ екі граната мен 278 оқ-дәрі анықталды.

Арнайы операцияларды прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК қызметкерлері полиция органдарымен бірлесіп жүргізді.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.