Еліміздің 13 өңірінің этномәдени бірлестік өкілдері онлайн бас қосты

0
2 518

Семинар-тренингте қазіргі өзекті мәселелер талқыланды.


 Еліміздің 13 өңірінің этномәдени бірлестік өкілдері онлайн бас қосты

Этносаралық қатынастарды жариялау мәселелерінде фактчекинг пен медиасауаттылық бойынша семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Ақпараттық жұмыстың заманауи құралдары: ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру, медиасауаттылық және фактчекинг» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Онлайн форматта өткен семинар-тренингтің жұмысына этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, жергілікті БАҚ журналисттері, еліміздің 13 өңірінен этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру, ақпараттық және медиа сауаттылық, фактчекингтің ерекшеліктері мен тенденциялары қарастырылды.
Спикерлер қатарында: Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мамандары (В. Трегубова, Л. Бигалиева) журналистика магистрі Р. Исаева баяндама жасады.
Бір күн бойы спикерлер интерактивті әдістерді пайдалана отырып, ақпараттың әсерін анықтау, бұқаралық ақпарат құралдарын тұтыну, ақпараттық соғыстар мен қауіпсіздік, ақпаратты растау үшін пайдаланылатын құралдармен жұмыс істеу мәселелері айтылды.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар пікірталастарда белсенділік танытып, сындарлы пікірлерімен және пайдалы тәжірибелерімен бөлісті.