Еліміздің 16 өңірі «қызыл» аймақта тұр

0
530

Тек Түркістан облысы ғана «сары» аймақта.


Еліміздің 16 өңірі «қызыл» аймақта тұр

иллюстрациялық фото

2021 жылғы 26 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.