Найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Аlmaty.tv.
Қызылорда облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тәулік бойы найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Шымкент, Түркістан қалаларында күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-шығыс бағытына ауысып кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шығыстан жел соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.