Препараттар тек рецепт бойынша сатылуы тиіс.
иллюстрациялық фото
Еліміздің бас қаласында заңды түрдегі есірткі саудасы қызып тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
«Жас жігіттер есірткіге тәуелді болып жүр. Ешқандай бақылау жоқ. Кез-келген адам келіп, есірткіні сатып алып, кете береді. Бұл медициналық препарат болғанымен, кәдімгі есірткінің өзі. Заңсыз қызметтің жолын кесу керек", дейді қала тұрғыны.
«Қаламыздың әр ауданында құрамында есірткісі бар препараттарды сатып жүрген оншақты дәріхана бар. Бұрын олар тіпті аз еді. Ал қазір бәрі жеңіл ақшаның соңынан кетті ме, қаланың әр бұрышында жаңалары ашылып жатыр», дейді қала тұрғыны.
Айласы әшкере болғанымен, дәріханадағы заңсыз қызметтің жолын кесу оңай емес. Әуелі полицияға шағым түсіресің, кейін жауапты комитетке жүгінесің, кейін министрліктің бұйрығын күтуге тура келеді екен.
Ресей, Белорусь, Украина елдерінде құрамында есірткісі бар бұл дәрілерді сатуға мүлдем тыйым салынған. Оған қылмыстық жауапкершілік көзделген.