Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО іскерлік орталық аумағында жағылады

0
903

Салтанатты шара қазақстандық әртістердің концерттік бағдарламасына ұласады.


Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО іскерлік орталық аумағында жағылады

ERNUR.KZ. 18 желтоқсан күні сағат 18.00-де ЭКСПО іскерлік аумағында жыл сайынғы дәстүрге сәйкес еліміздің бас шыршасын жағу салтанатты рәсімі өтеді, деп жазады Елорда Инфо.

Салтанатты шара қазақстандық әртістердің концерттік бағдарламасына ұласады. Келушілер, сонымен қатар мұзды сырғанақ алаңында қысқы ойын-сауыққа куә болады. Мерекелік бағдарлама елорданың ең көрікті жерлерінің бірі «Нұр Әлем» сәулетті ғимаратының жанында өтеді. Айта кетсек, осы мереке күндері «Нұр Әлемнің» есігі келушілерге сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін ашық болады.

Бұдан басқа ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында жақын арада ашық аспан астында жаппай сырғанаудың жаңа маусымының ашылуы болады. Ондағы 1300 шаршы метр аумақтағы сырғанау алаңына бір уақытта 200 адамға дейін сыйып кетеді. Конькиді жалға алу құны 500 теңге болса, өздерімен әкелгендер үшін сырғанау тегін.

Айта кетсек, ЭКСПО территориясында дәмхана мен мейрамханалар қызмет көрсетеді. Сол сияқты келушілерге қолайлы болу үшін жерасты паркинг те қарастырылған. Онда 3000 орын бар.

21-нен 27 желтоқсанға дейін сағат 15.00-де және 18-де, 28-і мен 29 желтоқсан күндері сағат 12.00, 15.00 және 18.00-де «Нұр Әлемде» «Құпиялы супер күш» атты жаңажылдық шоу ұйымдастырылады. Тартымды қойылымдар арқылы жаңа жыл алдындағы шарада қонақтарды танымал фильмдер мен комикстердегі сүйікті кейіпкерлерімен қауыштырады. Ондағы билет құны оқушылар үшін 500 теңге болса, 6 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.