Еліміздің бірқатар өңірінде сынап бағаны 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

0
869

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел қырқын алады.


Еліміздің бірқатар өңірінде сынап бағаны 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда алдағы үш тәулікте 43 градус ыстық пен жаңбыр жауады деп болжанады. Азаматтық қорғау органдары ауа райының болжамды жағдайларына байланысты жоғары дайындық режиміне ауыстырылды, деп жазады Zakon.kz.


ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел қырқын алады.

"8 шілдеде еліміздің солтүстік шығысы мен шығысында, 8-9 шілдеде республикамыздың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады", деп хабарлайды ҚР ТЖМ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

"Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Бүкіл кезеңде сынап бағаны батыста, 9-10 шілдеде еліміздің солтүстік-батысында, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады деп болжанады", делінген хабарламада.

Осыған байланысты азаматтық қорғау органдарының кезекші қызметтері жоғары дайындық режиміне ауыстырылғаны нақтыланады.