Заңға сәйкес, егер өзге елдер немесе халықаралық ұйымдар қабылданған міндеттерді бұзса, Қазақстан тиісті шара қолданады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Заң жобасының негізгі нормалары:
- егер өзге елдер немесе халықаралық ұйымдар қабылданған міндеттерді бұзса, Қазақстан жауап ретінде шара қолданады;
- халықаралық келісімдердің жүзеге асырылуын тоқтата тұру және тоқтату бойынша ұсыныс енгізу тәртібі регламенттелді;
- ратификацияланған халықаралық шарттардың ел заңдарынан басымдығын белгілеу;
- халықаралық шарттардың орындалуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында жариялау.