Елімізге Ауғанстаннан алкагольсіз сусындар экспортталады

0
1 038

Астанада Қазақстан-Ауған форумы өтіп жатыр.


Елімізге Ауғанстаннан алкагольсіз сусындар экспортталады

ERNUR.KZ. Бұл жайында Қазақстан-Ауған форумында Ауғанстандағы Герат провинциясының Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Мұхаммед Латиф Ханавизиан мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жетеді. Біз бұл сауда қарым- қатынасының одан әрі дамығанын қалаймыз. Өз тарапымыздан біз Малазия, Пәкістан, Үндістан және Азияның бірқатар елдеріне экспорт жасаймыз. Біз қазақстандық инвесторларды өз елімізге инвестиция салуға шақырамыз. Ауғанстанда жақсы мүмкіндіктер бар. Сол арқылы екіжақты сауда байланысымызды одан әрі нығайтқымыз келеді. Қазіргі таңда екі елдің арасында сауда өсімі артуда, -деді Ауғанстан өкілі.

Сондай-ақ Мұхаммед Латиф Ханавизианның айтуынша, Ауғанстанда өз тарапынан Қазақстанға өнімдерін ұсына алады.

Герат провинциясының Сауда-өнеркәсіп палатасы алдағы уақытта Қазақстанға алкагольсіз сусындар тасымалдауды көздеп отырмыз. Қазақстан ең маңызды әріптестеріміздің бірі. Ауғанстан түрлі құнды тастарға бай. Осы бағытта сауда жүреді деп ойлаймын, - деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан-Ауған форумы өтіп жатыр.