"Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесіп мың әлеуметтік пәтер беруді жоспарлап отырмыз, дейді қала басшысы.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов елордалық мұғалімдерді әлеуметтік қолдау туралы айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның айтуынша, мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ке өседі. Сондай-ақ, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша да шаралар қабылдануда.
"Тұрғын үй сертификаттары тегін беріледі. Қазақстан ипотека компаниясымен бірлесіп, бір мың әлеуметтік пәтер тапсырамыз. Оларды алушылар қатарында білім саласының мамандары да бар", – деп жазды Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, елорда басшысы білім беру саласындағы қызметкерлер арасында біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы да хабарлады.