Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті жою бойынша жұмыс істеп жатыр.
ERNUR.KZ. Елордадағы газ толтыру станцияларының бірінде болған өрттен 4 адам зардап шекті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Департаменттің хабарлауынша, 25 шілде күні сағат 22-05-те 101 пультіне Қобда көшесі 6 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел түрде Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД құтқарушылары жіберілді.
Өрт сөндірушілер келгенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатқанын, сондай-ақ екі қабатты ангардың шатыры, газ толтыру станциясында газ лаулап жанып жатқан. Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өрт сөндіруші учаскелер ұйымдастырылды. Жедел жәрдем станциясының алдын ала ақпараты бойынша өрттен төрт адам зардап шеккен. Өрт сөндірушілер өртті сағат 00.05 - те ауыздықтады.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті жою бойынша жұмыс істеп жатыр.