Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының маңында №12 қоғамдық көліктен өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Бүгін таңертең сағат 9-да халықаралық әуежай аумағында №12 автобустан өрт шықты. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», – деп жазды Facebook парақшасында «Астана ЛРТ» компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.
Сондай-ақ ол оқиғаның мән-жайы жуық арада хабарланатынын жеткізді.