Елордада коменданттық сағат режимін бұзған кәсіпкерлер лицензиясынан айырылуы мүмкін

0
698

Тәулік ішінде коменданттық сағат режимін бұзғаны үшін 5 кәсіпкерлік субъектісінің жұмысына тосқауыл қойылды.


Елордада коменданттық сағат режимін бұзған кәсіпкерлер лицензиясынан айырылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Елордада төтенше жағдай режимін бұзған 75 адамның үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елордадағы жағдай тұрақты. Сағат 23.00-ден бастап таңғы 07.00-ге дейін коменданттық сағат жалғасуда. Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәуліктік режимде жұмыс істеуде. Бір тәуліктің ішінде қалада 6 қылмыс және 98 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 75 адам төтенше жағдай режимін бұзған, оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы комендатурасы.

Комендатура мәліметінше, тәулік ішінде коменданттық сағат режимін бұзғаны үшін 5 кәсіпкерлік субъектісінің жұмысына тосқауыл қойылды. Олардың иелеріне қатысты лицензиясынан айыруға дейінгі қатаң жаза қолданылатын болады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Мемлекеттік нөмірі жоқ 3 автокөлік анықталып, коммуналдық тұраққа қойылды.

«Қарбалас уақыт» кезеңінде блокбекеттерде автокөліктер көбейіп кететіндіктен, қала комендатурасы азаматтарға өздерінің баратын бағыттарын алдын ала жоспарлауға және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға кеңес береді.