​Елордада мас бойжеткен такси көлігін айдап әкетіп, апатқа ұшырады

0
626

Таксидегі жас жігіт жүргізушімен сөзге келіп, мәселені шешу үшін көліктен шыққанда бойжеткен автокөлікті айдап кеткен.


​Елордада мас бойжеткен такси көлігін айдап әкетіп, апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Елордада мас бойжеткен такси көлігін айдап әкетіп, апатқа ұшырады, деп жазады ulysmedia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері көлікті ұрлаған 31 жастағы астаналықты ұстаған.

Тергеу барысында күдікті таңғы уақытта жас жігітпен бірге таксиде кетіп бара жатқан. Кейін екеуінің арасында жанжал туған. Такси жүргізушісі оларды көліктен түсіріп тастайды. Жас жігіт жүргізушімен сөзге келіп, мәселені шешу үшін көліктен шыққанда бойжеткен LADA Granta автомобилін айдап кеткен. Алайда ол көп ұзамай Иманов пен Асан қайғы көшелерінің қиылысында 2 көлікпен соқтығысқан, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.