Елордада пластик бөтелкеден жасалған шырша орнатылды

0
1 029

Табиғи шыршаны отаудан сақтауды мақсат еткен «Эко-шырша» челленджі басталды.


Елордада пластик бөтелкеден жасалған шырша орнатылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда пластик бөтелкеден шырша орнатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жаңа жылда табиғи шыршалардан бас тарту жөніндегі бастамасы бойынша «Эко-шырша» челленджі басталды. Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығында қткен шараға Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, ХЖТО және Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) Операторы» ЖШС басшысының қатысты.

Шара аясында пластикалық бөтелкеден шырша жасалды. Жасанды шыршанны жасауға 250-ге жуық пластик құты қолданылды. Эко-шыршаның биіктігі 2 метрден асады. Осылайша эко-шырша авторы қоршаған ортаны қорғау мақсатында табиғи шыршадан бас тартып, жасанды шыршаларды пайдалануды дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.

«Шырша балалар жасаған ойыншықтармен безендірілді. Министрліктің бастамасын ӨКМ операторы мен мектеп оқушылары қолдап, пластиктен шырша және оған ойыншықтар дайындағаны көңіл қуантады», – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

Министрліктің экологиялық игі бастамасын Ақтөбе облысындағы қалдық шығаратын «Нео-плюс» компаниясы қолдауға дайын екендігін білдірді.

Кәсіпорын қазір 3 метрлік пластик шыршаның қаңқасын әзірлеп жатыр. Одан «әрі эстафета Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен және Алматы қалаларындағы мамандандырылған кәсіпорындарға жолданатын болады.

Сонымен қатар экологиялық тақырыптағы жаңа жылдық безендірулер Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының мектептерінде де жалғасын табады», делінген хабарламада.

«Эко-шырша» жаңа жылдық челленджін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – табиғи шыршаны отаудан сақтау. Және осы бастамаға қазақстандықтарды шақыру.

Жаңа жылдан кейін жасанды шырша шикізат ретінде қайта өңдеуге жіберіледі.