Лесозавод ауданында балалар алаңының сапалы әрі заманауи болғаны соншалық, бүлдіршіндердің саусақтарын кесіп кетеді, дейді видео авторы.
ERNUR.KZ. Елордада төрт жасар бала ойнауға шығып, саусақсыз қалды, деп жазады baq.kz.
Оқыс оқиға туралы ақпарат @zhaloby_astana әлеуметтік парақшасында пайда болды.
Лесозавод ауданында балалар алаңының сапалы әрі заманауи болғаны соншалық, бүлдіршіндердің саусақтарын кесіп кетеді, - делінген видеода.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы деректері бойынша, оқиға 25 сәуірде болған.
Анасының сөзінше, «горкадан» сырғанап бара жатқанда, баланың саусағы шетіне қыстырылып қалған. Салдарынан сол қолының екінші саусағы ампутацияланды. Травматологиялық пунктте баланың жарақатына алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді. Саусақтың тұқылы қалды. Қолына гипс салынды. Бала амбулаториялық емге жіберілді, - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, Байқоңыр ауданы әкімдігі баланың отбасына қажетті медициналық және материалдық көмек көрсетеді.
Ал аталған «горканы» алаң территориясын алып тастады, - деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.