Елордада теректің мамығы жиналған жерлерде бір күнде үш рет өрт шыққан

0
747

Терек мамығы өрт көзіне айналмауы үшін, Нұр-сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.


Елордада теректің мамығы жиналған жерлерде бір күнде үш рет өрт шыққан

ERNUR.KZ. Елорда көшелерінде ақ қар секілді теректің үрпегіне толған. Жазда өрттің жиілеуіне осы мамық себеп болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына осыған байланысты ескерту жасады. 16 мамырда бір күн ішінде елордалық өрт сөндірушілер өртенген терек мамығын сөндіруге үш рет барған. Айта кетерлігі, қайғылы оқиға болмаған және жақын нысандар мен құрылыс орындарына өрт шалмаған.

Терек мамығы өрт көзіне айналмауы үшін, Нұр-сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.

Кез келген ашық отты пайдаланғанда сақ болу керек. Балалар терек мамығын өртеп жіберуге әуес келеді. Оттың «ақ кілем» үстімен тез таралуына қызығады. Алайда мұндай ермек үлкен өртке, тіпті адам өліміне әкеліп соғуы ықтимал. Терек мамығы өртінің алдын алу үшін коммуналдық қызметтер мен ПИК аулаларды, тротуарларды, сондай-ақ басқа да терек көп өсетін жерлерді уақтылы тазалауға, жинауға және қалдықтарды төгуге назар аударуы керек.