Елордада VIII–XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар ұсынылды

0
160

Кездесу барысында қатысушыларға жазба ескерткіштердің тарихи маңызы, оларды зерттеу ерекшеліктері мен сақтау жолдары туралы мәлімет берілді.


Елордада VIII–XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар ұсынылды

ERNUR.KZ. «Тұран» университетінде Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырған «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрме өтті. Көрме Ұлы даланың жазба мұрасына және оның көне дәуірден бүгінге дейінгі даму кезеңдеріне арналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Экспозицияда VIII–IX ғасырлардағы көне түркі тіліндегі сирек қолжазбалар, Қарахан мемлекеті, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлеріне жататын араб, парсы және шағатай тілдеріндегі құжаттар, сондай-ақ көне түркі жазуының үлгілері мен латын графикасындағы басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Барлық материалдар Ұлттық орталықтың қорында сақталған.

Кездесу барысында қатысушыларға жазба ескерткіштердің тарихи маңызы, оларды зерттеу ерекшеліктері мен сақтау жолдары туралы мәлімет берілді.