​Елордада жұмыссыз азаматтарға тегін оқыту курстары

0
2 576

Жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін қайта оқыту курстарына қабылдау жүргізілуде.


​Елордада жұмыссыз азаматтарға тегін оқыту курстары

ERNUR.KZ. ҚазАқпарат -Елорда тұрғындары еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім ала алады, деп жазады Нұр- Сұлтан қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елорданың жұмыспен қамту орталығы қайта оқыту курстарына жұмыссыз азаматтарды қабылдап жатыр. Қайта даярлау нарықта қажетті мамандықтар бойынша жүргізіледі.

«Жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін қайта оқыту курстарына қабылдау жүргізілуде. Атап айтқанда, қайта даярлау курстары наубайшы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі (педагогикалық білім міндетті), менеджер (сауда менеджері; сұранысы жоқ мамандық иелері, дипломның болуы міндетті), әкімші, электрмен және газбен дәнекерлеуші, киберқауіпсіздік маманы, анимация және бейнеграфика саласындағы маман, уқалаушы (медициналық білім болуы керек) сияқты мамандықтар бойынша жүргізіледі.

Оқу барысында ай сайын 16 759 теңге степендия төленеді. Қайта даярлау курсын ойдағыдай аяқтаған соң сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі», - деп мәлім етті орталықтан.