Өрт кезінде салон жұмысшысы екінші қабаттан секіріп, жарақаттанған.
ERNUR.KZ. «Астықжан» сауда үйіннен шыққан өрт кезінде терезеден секірген қыздың халі белгілі болды, деп жазады 24.kz.
Ұлттық ғылыми орталықтың дәрігерлері 20 жастағы азаматшаның жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп жоқ екенін айтады. Қазір ол толық медициналық тексерістен өтіп, тиісті ем-домын қабылдап жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбіде елордалық сауда үйіндегі жиһаз салоны отқа оранды. Өрт сөндірушілері жеткенге дейін, салон жұмысшысы екінші қабаттан секіріп, жарақаттанған еді.