Елордадан Алматыға баруға ниет білдіргендерге арнайы ұшақ бөлінбек

0
742

Жақындарының аман-саулығын тілеп, білуге келгендердің көңілі алаң.


Елордадан Алматыға баруға ниет білдіргендерге арнайы ұшақ бөлінбек

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда да штаб құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Алматыдан шығып, апатқа ұшыраған Фоккер 100 ұшағында қаза болғандар мен жарақат алғандардың туыстары мен жақындарына ақпараттар беріледі. Қазірге дейін онда жиырмадан аса адам жүгінген. Қалғандарына Алматыға аттану үшін арнайы ұшақ бөлінетіні жеткізілді. Штаб елордадағы халықаралық әуежайдың ВИП күту залында орналасқан. Онда 5 жедел жәрдем бригадасы мен 20 психолог қызмет көрсетіп жатыр. Жақындарының аман-саулығын тілеп, білуге келгендердің көңілі алаң. Бұл түсінікті де.

Әуежай өкілдері штабқа келгендер арасында Алматыға баруға ниет білдіргендерге арнайы ұшақ бөлмек.