Елордалық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарып қалды

0
1 108

Тәртіп сақшылары өз өмірлеріне қауіп төндіре отырып, өздерінің жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ер адамды өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінен құтқарып, қайғылы оқиғаның алдын алды.


Елордалық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Елорданың 34 жастағы тұрғыны масаң күйінде 4-қабаттың балконынан секіргісі келген. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, ер адамды аман алып қалды, деп жазады baq.kz.

"2 маусымда "Байқоңыр" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Таха-Хусейн көшесі бойындағы әкімшілік аумақты аралау кезінде "Ер адам 4-қабаттың балконынан секірейін деп жатыр" деген адамдардың айқайын естіп, тез арада көмектесуге кірісті. Сонымен қатар, осы оқиғаны көрген куәгерлердің бірі 102-ге қоңырау шалған. Осы уақытта, Таха-Хусейн мекенжайына жақын жерде патрульде жүрген Талас-111 полиция нарядының құрамында болған Мұхаметқали Қалдыбеков пен Қаят Пшембай оқиға орнына келіп, ер адамды құтқаруға көмектесе бастады", - делінген таратылған ақпаратта.

Тәртіп сақшылары өз өмірлеріне қауіп төндіре отырып, өздерінің жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ер адамды өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінен құтқарып, қайғылы оқиғаның алдын алды.