Нұр-Сұлтанда соңғы екі аптада SARS-CoV-2 вирусының "Омикрон" штамын жұқтырғандар саны 3970 адамға жеткен.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал күрделі. Дәрігерлер маска тағуға кеңес беріп отыр, деп жазады Экспресс К.
Нұр-Сұлтанда соңғы екі аптада SARS-CoV-2 вирусының "Омикрон" штамын жұқтырғандар саны 3970 адамға жеткен. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова айтты.
Сархат Бейсенованың сөзінше, Нұр-Сұлтан қаласы вирус таралу деңгейіне байланысты "сары аймақ" статусына жақындап келеді. Ресми дерекке қарағанда, 19-шілдеде Қазақстан бойынша 1970 адам вирус жұқтырған.
Ведомствоаралық комиссия елорда "сары аймаққа" өткен жағдайда кейбір мекемелердің жұмысшылары мен денсаулығы нашар балалар онлайн форматқа көшетінін айтқан. Қоғамдық көлік пен ойын-сауық орталықтарында, кинотеатрлар, концерттік залдар сияқты қоғамдық орындарда маска тағу да міндеттелмек.