Елордалықтар Тәуелсіздік күні мерекелік отшашуды қай жерлерден тамашалай алады

0
785

Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады.


Елордалықтар Тәуелсіздік күні мерекелік отшашуды қай жерлерден тамашалай алады

ERNUR.KZ. 16 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды қаланың барлық аудандарында тамашалай алады, деп жазады Елорда Инфо.

Мерекелік отшашуды астаналықтар Есіл өзенінің жағалауынан (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан Шатыр маңында (Есіл ауданы), сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысында) тамашалауға мүмкіндігі бар.

Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады.

Фейерверктің техникалық сипаттамаларына сай, әр нүктеден 4500-ден 5000-ға дейін фейерверк ату жоспарлануда. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында әр нүктеде 7 адамнан жұмыс істейтін болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, салют өткізуге бюджет қаржысы жұмсалмайды.

Сондай-ақ, мерекелік отшашу қаланың биік ғимараттарымен қоршалмаған кез келген нүктесінен көрінетіндігін атап өту қажет.