Елорданың бас шыршасы ТМД-ның үздік он шыршасының қатарына кірді

0
758

Рейтинг жаңа жылдық бас шыршалардың биіктігін зерттеу нәтижелері бойынша құрылды.


Елорданың бас шыршасы ТМД-ның үздік он шыршасының қатарына кірді

ERNUR.KZ. ТурСтат сараптамалық агенттігі ТМД елдері астанасындағы 2020-ға арналған ең биік жаңа жылдық бас шыршалардың рейтингін ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Рейтинг ТМД елдері астанасындағы жаңа жылдық бас шыршалардың биіктігін зерттеу нәтижелері бойынша құрылды.

ТМД елдеріндегі ең биік жаңа жылдық шыршалардың алғашқы ондығына Ашхабад (40 метр), Ереван (37 м), Ташкент (36 м), Баку (34 м), Минск (30 м), Душанбе (29 м), Мәскеу (27 м), Бішкек (27 м), Нұр-Сұлтан (25 м) және Кишинев (20 м) қалаларындағы шыршалар енді.

Қазақстанның бас шыршасы Нұр-Сұлтан қаласында ЭКСПО-2017 аумағында орнатылған. Биіктігі 25 метр болатын бас шырша 20 желтоқсан күні салтанатты түрде жағылған болатын.

Алматының бас шыршасының биіктігі – 20 метр. Оның шамдары 19 желтоқсан күні «Астана» алаңында жағылды.

Айта кетейік, Мәскеудегі Кремль жанындағы алаңда 27 метрлік Ресейдің бас шыршасы – ТМД елдері астанасындағы жаңажылдық бас шыршалардың арасындағы «тірі» шырша.

Сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі қазақстандықтарды «тірі» шыршадан бас тартуға шықырып, «Эко-шырша» челленджін жолдады.

Еске сала кетейік, акция аясында Нұр-Сұлтан қаласында 250 пластик бөтелкеден жасалған шырша жасалды. Жасанды шырша балалар мен экобелсенділердің өз қолдарынан жасаған ойыншықтарымен безендірілді.