Елшілік қазақстандықтарға Украинаның қауіпті қалаларынан кетуді ұсынды

0
326

Сонымен бірге, елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді ескеріп және дереу бомбадан қорғанатын орынға өтуге шақырады.


Елшілік қазақстандықтарға Украинаның қауіпті қалаларынан кетуді ұсынды

ERNUR.KZ. Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және Қауіпсіздік қатерінің артуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады, деп жазады baq.kz.

Украинадан Қазақстанға шығу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы өтетін жерүсті бағыттарын, одан кейін коммерциялық рейстерді пайдалана алатынын ескертеміз. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек, Молдова арқылы қайту үшін виза талап етілмейді, - делінген елшілік таратқан хабарламада.

Сонымен бірге, елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді ескеріп және дереу бомбадан қорғанатын орынға өтуге шақырады.

Елшіліктің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.