Іс материалдарымен танысу аяқталған.
ERNUR.KZ. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті, деп жазады inbusiness.kz.
"Қылмыстық іс сотқа жетті. Судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау туралы не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды", - деп жазылған қалалық сот таратқан хабарламада.
Адвокат Дмитрий Куряченконың айтуынша, іс материалдарымен танысу аяқталған.
"Іс материалдарымен танысу кезеңі аяқталды. Бірақ қорғауға тағы 14 қорап пен 4 томнан аса іс ұсынылған жоқ. Бірақ бұл іс сотқа жіберілді", - деді экс-министрдің адвокаты "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.
Айта кетейік, Елжан Біртанов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев те тергеліп жатыр.