Жәмішевтің жаңа қызметтегі жалақысы 200 мың теңгеден аспайды. Осы ақшадан табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары ұсталады.
ERNUR.KZ. Болат Жәмішев әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы болды, деп жазады sputniknews.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Болат Бидахметұлының жаңа қызметтегі жалақысы 200 мың теңгеден аспайды. Осы ақшадан табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары ұсталады.
"17 сәуірде өткен директорлар кеңесінің отырысында белгілі экономист Болат Жәмішев қордың төрағасы болып сайланды. Бұған дейін бұл лауазымды Елжан Біртанов атқарған. Денсаулық сақтау министрі қордың директорлар кеңесінің құрамында қалады", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, директорлар кеңесінің құрамында басқа да өзгерістер болды. Атап айтқанда, экономист Жақсыбек Күлекеев пен "Атамекен" ҰҚП басқарма төрағасының орынбасары, қаржыгер Юлия Якупбаева қордың тәуелсіз директорлары болып сайланды.
Осылайша, қазіргі уақытта ӘМСҚ директорлар кеңесінің құрамына басқарма төрағасы Болат Жәмішев, тәуелсіз директорлар – Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсылық Күлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бәбенов, сондай-ақ кеңес мүшелері – Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов кіреді.