Ең арзан жанар-жағармай қай өңірде сатылады

0
1 122

Аи-92 маркалы бензинге ең төменгі баға Батыс Қазақстан облысында - 139 теңге.


Ең арзан жанар-жағармай қай өңірде сатылады

ERNUR.KZ. 2019 жылдың алғашқы 5 айында 36,5 млн тонна мұнай мен конденсат өндірілді. Бұл 5 айға қойылған жоспардан 101% жоғары, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 21,7 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Қашағанда - 4,24 млн тонна, Теңізде - 12,48 млн тонна және Қарашығанақта - 4,97 млн тонна мұнай өндірілген.

«Жалпы алғанда, биылғы мұнай өндіру жоспары орындалады. Мұнай экспортының көлемі 29,1 млн тоннаға жетті. Бұл - 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,4% артық. Ал, мұнай өңдеу көлемі шамамен 6,7 млн тоннаны құрады. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% жоғары. Өндірілген мұнай өнімдерінің көлемі 5,07 млн тоннаны құрайды. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% жоғары», - деді Қанат Бозымбаев ҚР Үкіметі отырысында.

Жалпы, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты. Жанар-жағармай тапшылығы жоқ.

«5 маусымдағы жағдай бойынша, Аи-92 маркалы бензиннің орташа бағасы: бір литріне - 148,7 теңге, ал маусымаралық дизель отынының бағасы - 192 теңге. Сонымен қатар, Aи-92 маркалы бензин бағасының төмендегені байқалады. Мәселен, Аи-92 маркалы бензинге ең төменгі баға Батыс Қазақстан облысында - 139 теңге болса, дизель отынға ең төменгі баға Түркістан облысында - 175 теңге», - деді министр.