Депутат мұндай ұсынысты Мәжілісте жемқорлыққа қатысты заңды талқылау кезінде айтты.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жемқорлықпен күресті құқық қорғау органдарынан бастау керегін ұсынды, деп жазады baq.kz.
Депутат мұндай ұсынысты Мәжілісте жемқорлыққа қатысты заңды талқылау кезінде айтты.
Дұрыс заң. Айтылып жатқан дүниенің барлығы жемқорлықпен күреске бағытталған. Ең алдымен, жемқорлықпен жұмысты құқық қорғау органдары өздерінен бастауы керек деп ойлаймын. Ең бірінші өздеріңді тазалап алыңдар. Өздерің жұмыс істеңдер, параға итермелемеңдер. Сол кезде барлығы жақсы болады, - деп айтты Еділ Жаңбыршин.
Депутат еуропалық стандартты енгізбес бұрын, қазақстандықтардың психологиясын зерттеу керек деп есептейді.
Еуропалық стандартты енгізерде, халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін, психологиясын зерттедіңіздер ме? Біз унитарлы мемлекет болсақ та, өңірлердің де өз ерекшеліктері бар. Осы бойынша қандай бастамалар бар? - деп сұрады Жаңбыршин заңды талқылау кезінде.
Ұлан Сарқұлов қазақтың салт-дәстүрін құрметтейтінін айтты.
Бүгін жемқорлыққа қатысты көп мәселе көтеріліп жатыр. Мен де осы елдің азаматымын. Салт-дәстүрді сыйлаймын. Егер қандай да бір мәселелер болса, біз оны тексереміз. Біз өзімізден бастап, заңға өзгеріс енгізбесек, ешқандай мәселе болмайды, - деп жауап берді Сарқұлов депутатқа.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жемқорлыққа бетпе-бет тап болмағанын айтқан еді.