Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 32 мың теңге

0
1 276

Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында.


Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 32 мың теңге

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2019 жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,3%-ға (417 теңге) өсіп, 32,2 мың теңгені құрады, деп жазады 7kun.kz.

Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 21,7%-ға өсті, деп статистикалық мәліметтер куәландырады.

Айта кетейік, қазан айында азық-түлік тауарларына 17,7 мың теңге, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге 14,5 мың теңге бөлінді.

Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (39,5 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (37,2 мың теңге) және Алматыда (35,4 мың теңге), ал ең төмен күнкөріс деңгейі Павлодар облысында (28,3 мың теңге) және БҚО-да (28,9 мың теңге) тіркелді.