Еңбек министрлігі әйелдердің зейнет жасына қатысты өзгерісті түсіндірді

0
691

Олардың бірі - 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде жоспарланған арттыруды 5 жылға тоқтата тұру.


Еңбек министрлігі әйелдердің зейнет жасына қатысты өзгерісті түсіндірді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылған болатын, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың бірі - 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде жоспарланған арттыруды 5 жылға тоқтата тұру.

“Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсерін ескере отырып қабылданды”, – деп хабарлады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен қатар, алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шараларды қабылдау көзделеді. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.

Айта кететіні, бұл мәселені 9 маусымда сенатор Дана Нұржігіт көтерген. Халық қалаулысы әйелдердің зейнет жасын 58 төмендетуді ұсынды. Кейін ол Президент Жалдауындағы соңғы өзгеріске қанағаттанғанын жеткізді.