Еңбекті қорғау жаңа деңгейге көтеріліп отыр

0
229

Еліміздің жаңа Конституция жобасының мазмұнын халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда.


Еңбекті қорғау жаңа деңгейге көтеріліп отыр

ERNUR.KZ. Осы мақсатта «Қазақстан металл конструкциялары зауыты» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында заңгер-кеңесші Ердәулет Сапарғалиұлы жаңа редакциядағы Ата заңның негізгі бағыттары мен маңыздылығына тоқталды.
Спикердің айтуынша, Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастыратын, оның даму бағыты мен стратегиялық бағдарын айқындайтын басты құжат. Қолданыстағы Конституция еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде қабылданып, мемлекетіміздің орнығуы мен дамуына маңызды негіз болды.
Алайда қазіргі таңда ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және азаматтардың сұранысының артуы құқықтық жүйені жаңаша қарастыруды талап етіп отыр.
Кездесу барысында жаңа редакциядағы Ата заңда еңбек қауіпсіздігі мен еңбек құқығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылғаны айтылды. Ердәулет Сапарғалиұлының сөзінше, жаңа Конституция жобасында еңбек адамдарының құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, еңбекті қорғау мәселесі жаңа деңгейге көтеріліп отыр.
Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді. Жалпы алғанда, жаңа Конституция – еліміздің болашақ дамуына бағытталған стратегиялық бағдарды заңдық тұрғыда бекітетін маңызды құжат.
Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлері әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа құжатқ қолдау білдіретіндерін жеткізді.